ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда еліміздегі ең ірі емдеу мекемелерінің бірі – № 7 қалалық клиникалық аурухананың жаңа басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengri Health клиника сайтына сілтеме жасап.
Клиника директорының міндетін атқарушы – бас дәрігер болып Нұрдос Қадырбеков тағайындалды.
Мәлімет бойынша, Қадырбеков 1972 жылы 14 ақпанда Павлодар облысында дүниеге келген.
Нұрдос Қадырбеков әр жылдары Денсаулық сақтау министрлігі, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, сондай-ақ еліміздің жетекші медициналық ұйымдарында түрлі қызметтер атқарған.
Нұрдос Қадырбеков 2026 жылы 10 шілдеде денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған Манас Рамазановтың орнына келді. Рамазанов Алматыдағы жетінші қалалық аурухананың бас дәрігері қызметін 2018 жылғы сәуірден бастап атқарып келген еді.