Қазақстандағы ең ірі ауруханалардың бірінде бас дәрігер ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы ең ірі ауруханалардың бірінде бас дәрігер ауысты №7 қалалық клиникалық ауруханасының сайтынан алынған фото

Алматыда еліміздегі ең ірі емдеу мекемелерінің бірі – № 7 қалалық клиникалық аурухананың жаңа басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengri Health клиника сайтына сілтеме жасап.


Жаңа бас дәрігер кім?

Клиника директорының міндетін атқарушы – бас дәрігер болып Нұрдос Қадырбеков тағайындалды.

Мәлімет бойынша, Қадырбеков 1972 жылы 14 ақпанда Павлодар облысында дүниеге келген.

  • Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін бітірген.
  • Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында "урология" мамандығы бойынша клиникалық ординатурадан өткен.
  • Медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.
  • "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" құрметті атағымен марапатталған.

Нұрдос Қадырбеков әр жылдары Денсаулық сақтау министрлігі, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, сондай-ақ еліміздің жетекші медициналық ұйымдарында түрлі қызметтер атқарған.

Нұрдос Қадырбеков 2026 жылы 10 шілдеде денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған Манас Рамазановтың орнына келді. Рамазанов Алматыдағы жетінші қалалық аурухананың бас дәрігері қызметін 2018 жылғы сәуірден бастап атқарып келген еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу