ПОДЕЛИТЬСЯ
2025 жылы сақтандырылған бір қазақстандықтың медициналық көмегіне орта есеппен 102,6 мың теңге жұмсалды - бұл бес жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп. Пациенттер қорға қанша қаражат аударады және олар өздеріне көрсетілген қызметтердің құнын біле ала ма, бұл сұрақтардың жауабын Tengri Health тілшісі анықтап көрді.
Біз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) ресми сауал жолдап, бір жылда сақтандырылған бір қазақстандыққа медициналық көмек көрсетуге орта есеппен қанша қаражат жұмсалатынын білдік.
Қордағылар МӘМС - ынтымақты жүйе екенін атап өтті. Бұл дегеніміз, қаражат нақты бір сақтандырылған адамға бекітілмейді. Сондықтан төменде келтірілген сандар - бір сақтандырылған адамға шаққандағы медициналық көмек шығындарының орташа көрсеткіші.
ӘМСҚ мәліметтеріне сүйенсек, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш өскен:
МӘМС-тің бір қатысушысына шаққандағы жарналар мен аударымдардың орташа жылдық сомасы да өсті. Қор мәліметінше, ол келесідей болды:
Бұл ретте қор бұл қаражатты азаматтың медициналық көмекке арналған жеке жинағы деп санауға болмайтынын еске салды. Олар көмекке мұқтаж пациенттердің, соның ішінде ауыр және қымбат емді қажет ететін аурулары бар жандардың емін төлеуге жұмсалады.
"Сақтандырылған азаматтардың бір бөлігі жыл бойы медициналық көмекке жүгінбейді. Олардың жарналары мен аударымдары жинақталмайды, өйткені жүйеде жеке шоттар қарастырылмаған. Ақша МӘМС қаражатының ортақ пулына түседі", - деп түсіндірді қордағылар.
Сақтандырылған қазақстандықтар қазірдің өзінде өз аттарына тіркелген медициналық қызметтер туралы ақпаратты тексере алады.
Мәліметтер келесі жерлерде қолжетімді:
Ақпаратты қордың арналары арқылы да тексеруге болады: @SaqtandyryBot Telegram-боты, msqory.kz ресми сайты және Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы.
Тілші eGov Mobile қосымшасы арқылы өз атына тіркелген медициналық қызметтер туралы ақпаратты тексеріп көрді.
Іс-қимыл алгоритмі:
ӘМСҚ ақпаратынша, әзірге пациент әр қызмет бойынша толық қаржылық ақпаратты әрдайым көре алмайды. Қор толығырақ мәліметтер көрсетілетін жеке сервис әзірлеп жатыр.
Оны eGov Mobile және және қордың мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте қолжетімді ету жоспарланған.
Ол енгізілгеннен кейін пациент мыналарды көре алады:
"Бұл – жүйенің ашықтығын арттыру және қаражаттың пайдаланылуын бақылау элементтерінің бірі", - деп хабарланды сауалға берілген жауапта.
Қазақстанда тегін дәрі-дәрмекті тексерудің жаңа тәсілі пайда болды