ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда жаздың аяғы болса да, кене шағу жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, босаңсуға әлі ерте. Кененің қай түрі күзде де белсенді және олар қай өңірлерде көптеп кездесетінін Tengri Health тілшісі анықтап көрді.
Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан 19 тамызға дейінгі аралықта Қазақстанда кене энцефалитінің 43 жағдайы тіркелген. Өңірлер бойынша көрсеткіш:
"Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда кене энцефалитімен ауыру көрсеткіші алты жағдайға артық", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
2026 жылы кене шаққаннан кейін медициналық көмекке 15 087 адам жүгінген. Оның 6 861-і - 14 жасқа дейінгі бала.
Ұлттық орталықтың мәліметінше, кейінгі аптаның өзінде ел бойынша осындай 105 жағдай тіркелген, оның ішінде 71-і балалар арасында болды.
Қазақстанда иксод кенелерінің негізгі белсенділік кезеңі көктем-жаз айларына сәйкес келеді, алайда мамандар жаздың аяғына қарай қауіп толық сейілмейтінін ескертеді.
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының дерегіне сәйкес, кейбір өңірлер мен табиғи ошақтарда тамыз-қыркүйекте кенелер белсендірек болуы ықтимал.
"Кейінгі жылдары жаздың аяғы мен күздің басында, қазанда да Конго-Қырым қанды безгегі мен кене энцефалитін жұқтыру жағдайлары байқалады", - деп толықтырды сарапшылар.
Олардың айтуынша, жаздың аяғы мен күздің басында кене саны мен белсенділігінің артуы осы өрмекшітәрізділердің түріне және нақты аймақтың табиғи-климаттық жағдайларына байланысты болады.
Көктемде негізгі эпидемиологиялық рөлді көктемгі белсенділігі айқын түрлер атқарады. Солардың бірі - кене энцефалиті мен Лайм ауруы қоздырғыштарының негізгі тасымалдаушысы Ixodes persulcatus.
Ал жаздың аяғы мен күздің басында кейбір өңірде кененің басқа туыстарының белсенділігі артады. Атап айтқанда, мамандар Dermacentor және Hyalomma-ны атап өтеді.
"Кененің түрлік құрамы мен жазғы және күзгі белсенділік мерзімі көктемгі кезеңнен өзгеше болуы мүмкін", - деп хабарлады мамандар.
Көпжылдық бақылау мәліметтері бойынша, ең ұзақ белсенділік кезеңі Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы маңында байқалады, деп атап өтті Ұлттық орталық өкілдері.
Басқа өңірлерде, атап айтқанда Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында олар әдетте тамыз-қыркүйекке дейін, сирек жағдайда қазанға дейін кездеседі.
Сондықтан күз айларында да кенеден қорғану шаралары өзекті, деп ескертеді сарапшылар.
Олар мүмкіндігінше келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
Үйге оралған соң өзіңізді, балаларды және табиғатта бірге болған үй жануарларын тексеруді ұмытпаңыз, ал киімді ыстық суға жуу керек.
Бұған дейін кенені қандай жағдайда зертханаға апару керек екенін, оны адам денесінен қалай дұрыс алып тастауға болатынын және қандай белгілерге назар аудару қажет екенін жазған болатынбыз.
Тағы оқыңыз: Кене энцефалитінен қорғану: Алматыда иммуноглобулин қай жерде бар?
“Препарат бітіп қалған“. Талғар тұрғыны кене шаққаннан кейін ауруханада екпе ала алмаған