26 қыркүйек, сенбі күні Қазақстанның барлық онкологиялық орталықтарында бірыңғай ашық есік күні өтеді. Әйелдер онкогинекологтардан тегін кеңес алып, алғашқы тексеруден өте алады және аурудың алдын алу бойынша ұсыныстар алады, деп хабарлайды Tengri Health.
Қашан және кімдер келе алады?
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметінің мәліметінше, қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі. Әйелдерге білікті онкогинекологтар кеңес береді.
Жарнама
Жарнама
Жас мөлшері мен тіркелген жері маңызды емес. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет..
Бірыңғай ашық есік күні әйелдер денсаулығына арналған онкүндік аясында ұйымдастырылады.
Қандай белгілерге назар аудару қажет
Дәрігерлер келесі жағдайларда маманға қаралуды кейінге қалдырмауға кеңес береді:
етеккір циклі бұзылғанда;
іштің төменгі жағы ауырғанда немесе ауырлық сезімі болғанда;
іш кепкенде;
ерекше бөлінділер болғанда;
себепсіз шаршаңқылық басса;
салмақ жоғалтқанда.
"Мұндай белгілердің өзі рак ауруы бар дегенді білдірмейді, алайда медициналық тексеруден өтуді талап етеді", - деп ескертті мамандар.
Қабылдау қай жерде өтеді?
Тегін кеңестер өңірлердегі онкологиялық орталықтар мен медициналық ұйымдарда жүргізіледі:
Алматы
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты - Абай даңғылы, 91. Телефоны: 8 (727) 310-90-23.
Алматы онкологиялық орталығы - Папанин көшесі, 220А, А литері, 1-қабат. Телефоны: 8 (727) 312-24-74.
Астана
Көпбейінді медициналық орталық - Манас көшесі, 17. Телефондары: 8 (7172) 57-96-00, 57-96-01, 57-96-03.
Алматы облысы
Алматы аймақтық көпбейінді клиникасы - Алматы қаласы, Роза Бағланова көшесі, 69а. Телефондары: 8 (727) 261-39-52, 8 (727) 227-52-96.
Шымкент
Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухана - Байтұрсынов көшесі, 85а. Телефондары: 8 (7252) 92-21-15, 8 (7252) 92-21-11.
"М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КЕАҚ Медициналық орталығының консультациялық-диагностикалық бөлімі - Жаңа Қоныс – 8 мөлтек ауданы, КДБ. Телефоны: 53-42-20.
Жетісу облысы / Талдықорған
Облыстық көпбейінді клиника - Абай көшесі, 316, №1 емхана корпусы. Телефоны: 8 (7282) 40-10-55.
Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы - Берке хан көшесі, 49А, бұрынғы модульдік инфекциялық орталық. Телефоны: 8 778 152 20 95. Электрондық пошта: skdo_kzo@bk.ru.
Қостанай облысы
Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді ауруханасы - Көбеев көшесі, 2, жаңа емхана. Телефондары: 8 (7142) 52-40-77, 73-03-22, +7 775 030 91 47.
Маңғыстау облысы / Ақтау
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері - 1А мөлтек ауданы, №3 ғимарат. Телефоны: 8 771 308 43 14.
Павлодар облысы
Павлодар облыстық онкологиялық диспансері - Российская көшесі, 57/3, А корпусы. Телефондары: 8 (7182) 66-00-97, 66-00-98, 66-00-91.