ПОДЕЛИТЬСЯ
"СҚ-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы Telegram мен WhatsApp желілерінде чат-ботты іске қосты. Оның көмегімен қазақстандықтар тегін дәрі-дәрмекті алу мәртебесін тексеріп, препарат қай жерде екенін біле алады, сондай-ақ жеңілдікпен берілетін дәрілер туралы басқа да ақпаратқа қол жеткізе алады. Tengri Health тілшісі жаңа қызмет қалай жұмыс істейтінін тексеріп көрді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа чат-бот пациенттерге тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы ақпаратты жедел алуға көмектеседі.
Оның көмегімен ЖСН немесе рецепт нөмірі бойынша дәрілерді іздеуге, қамтамасыз ету мәртебесін тексеруге және қажетті мәліметтерді алуға болады.
Қызметті іске қосу үшін пайдаланушы пәрмен беруі керек, яғни амандасуы қажет, содан кейін онлайн-ассистент бірден жауап береді. Ол өзін таныстырып, қалай көмектесе алатынын айтады және қарым-қатынас тілін таңдауды ұсынады.
Осыдан кейін әрекеттің бірнеше нұсқасы пайда болады:
Біз ЖСН бойынша іздеудің қалай жұмыс істейтінін білуді жөн көрдік.
Осы бөлімді таңдағаннан кейін чат-бот жеке сәйкестендіру нөмірін енгізуді сұрайды және сұраныс өңдеуге қабылданғанын хабарлайды. Бірнеше секундтан кейін жауап келеді.
Біздің жағдайда мынадай хабарлама келді, себебі кейінгі алты айда пациент дәрігерге қаралмаған және оған расында рецепт жазылмаған.
Егер пациентке тегін дәрілік препараттар тағайындалған болса, чат-бот дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы өзекті ақпаратты көрсетеді. Хабарламада пациенттің аты-жөні, медициналық ұйым, диагноз, сондай-ақ кейінгі алты айда тағайындалған препараттар тізімі көрсетіледі.
Содан кейін бот толығырақ ақпарат қажет болатын дәріні таңдауды ұсынады. Ол үшін тізімдегі препарат белгіленген санды жіберу қажет.
Қызмет дәрінің атауын, оның халықаралық патенттелмеген атауын көрсетеді, сондай-ақ медициналық ұйымда препараттың қандай мөлшерде бар екенін хабарлайды.
Басқа дәріні тексеру қажет болса, диалогты қайта бастап, сол әрекеттерді қайталау жеткілікті.
Тағайындалған препараттар туралы ақпараттан бөлек, чат-бот арқылы мыналармен танысуға болады:
Сонымен қатар қызмет арқылы "СҚ-Фармация" ЖШС байланыс мәліметтерін білуге және медициналық терминдер бойынша анықтамалық ақпарат алуға болады.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері "СҚ-Фармацияның" байланыс орталығына 15 мыңнан астам қоңырау түскен. Хабарласқандардың басым бөлігі - диабет және онкологиялық аурулары бар пациенттер.
Тағы оқыңыз: Дәріханада жалған дәрі-дәрмек сатыла ма: оны қалай тексеруге болады?
Қазақстанда дәріханалардағы дәрі-дәрмектер жаңаша тексеріле бастайды