ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда медициналық тексеруден өту қиғадалары өзгереді. Олар тексеру тәртібіне, кәсіптік ауру күдігі туындаған кезде сараптамаға жолдауға және медициналық тексеруден өтуі тиіс қызметкерлер тізіміне қатысты, деп хабарлайды Tengri Health.
Өзгерістер туралы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2026 жылғы 16 қыркүйектегі бұйрығында айтылған. Жаңалықтардың бірі зиянды немесе қауіпті жағдайларда кемінде сегіз жыл еңбек етіп жүрген қызметкерлерге қатысты.
Түзетулерге сәйкес, айқын жалпы аурулары бар және зиянды өндірістік факторлардың әсер ету белгілері байқалған қызметкерлер бес жылда бір рет арнайы медициналық тексеруден өтуі тиіс.
Қызметкерлерді жұмысын жалғастыра алатындығын анықтау қиын болған жағдайда немесе адам, жұмыс беруші не сақтандыру компаниясы дәрігерлік комиссияның қорытындысымен келіспеген жағдайда да тексереді.
Медициналық тексеру кезінде қызметкерден кәсіптік ауру белгілері табылса немесе осындай алдын ала диагноз қойылса, қолданылатын іс-қимыл тәртібі өзгерді.
Алдымен адам анықталған немесе күдік тудырған ауру бойынша мамандандырылған көмек көрсететін медициналық ұйымға жіберіледі. Содан кейін денсаулықтың нашарлауы жұмыспен байланысты ма, жоқ па - соны анықтау үшін үш жұмыс күні ішінде сараптамаға жіберілуі тиіс.
Жаңа ережелер бойынша міндетті медициналық тексерулерді тиісті мемлекеттік лицензиясы бар медициналық ұйымдар жүргізеді. Нәтиже медициналық цифрлық жүйеге енгізілуі тиіс.
Бұдан бөлек, өзгерістер алдын ала және мерзімді міндетті медициналық тексерулер жүргізілетін зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың, мамандықтар мен жұмыстардың тізбесіне де қатысты, сондай-ақ кәсіптік аурулар мен улануды тергеу туралы жеке норма пайда болды.
Бұйрық 2026 жылғы 3 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Қазақстанда балаларды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу ережелері өзгергені туралы жазған болатынбыз. Қай жаста және не тексеріледі, кімге дене шынықтырудан босату қағазы беріледі және ата-аналар үшін не маңызды - толығырақ мына жерден оқыңыз.
Тағы оқыңыз: 65 жастан асқан жүргізушілерге міндетті медициналық тексеру: бағасы және қандай дәрігерге қаралу керек?
Қазақстанда емханаларға тіркелу науқаны тоқтатылды: нені білу маңызды?