ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда медициналық кітапшалар толығымен цифрлық форматқа көшірілді. Енді санитарлық дәрігерлер міндетті медициналық тексеруден жүйелі түрде өтуі тиіс азаматтардың денсаулығы туралы ақпаратты қашықтықтан тексере алады, деп хабарлайды TengriHealth Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке электронды медициналық кітапшалар Қазақстанда 2025 жылдың қаңтарында пайда болған еді, ал қазір олар толығымен цифрлық форматқа ауыстырылды. Электронды медициналық кітапшалардағы мәліметтер санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың ақпараттық жүйелеріне автоматты түрде түсе бастады.
Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рахымжанованың айтуынша, мамандар қызметкерлердің медициналық кітапшаларын қашықтықтан көріп, ондағы мәліметтерді тексере алады.
"Жүйе кітапшаның қолданылу мерзімі аяқталуға бес күн қалғанда мәліметтерді жаңарту қажеттігі туралы ескертеді. Санитарлық дәрігерлер автоматты түрде ұсынымдар қалыптастырып, кітапша мерзімінің аяқталып жатқанын хабарлай алады", - деді Рахымжанова.
Ведомство мәліметінше, жеке электронды медициналық кітапшалар - санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың бірыңғай цифрлық платформасын енгізу арқасында пайда болған қызметтердің бірі. Енді оларды eGov Mobile және екінші деңгейлі банктер бірінің мобильді қосымшасынан жүктеп алуға болады.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мамандарына платформада мынадай ақпараттар да қолжетімді болады:
Марал Рахымжанова қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары қағаз түріндегі санитарлық кітапшаларды қабылдамайтынын айтты.
"Мамандар тек электронды кітапшаларды тексереді. Ондай құжаты болуы тиіс азаматтар бұрынғыша медициналық ұйымдарда бекітілген дәрігерлер тізімі мен зертханалық зерттеулерге сәйкес тексеруден өте алады. Осыдан кейін жеке медициналық кітапша ақпараттық жүйелерде қалыптасады", - деді ол.
Сондай-ақ ол бұл құжаттың қағаз нұсқасын алудың енді қажеті жоқ екенін атап өтті:
"Қағаз медициналық кітапшалар тарих қойнауына еніп жатыр. Бұл құжаттарды қолдан жасауды болдырмау және қашықтан алдын алу бақылауы барысында зерттеулердің толықтығын қадағалау үшін жасалды".
Қазақстанда 15 санат айқындалған, олар үшін медициналық кітапшаның болуы міндетті. Оларға мына сала қызметкерлері жатады:
Бұған дейін Ақтөбе облысында тойда қонақтар жаппай уланғаны хабарланған болатын. Мейрамханадан ішек таяқшасы табылған.