ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі психологтарға арналған бірыңғай кәсіби стандартты бекітті. Енді балалар жарақатымен, спортшылармен жұмыс істейтін немесе жеке кабинеттерде қабылдау жүргізетін мамандарға білімі, тәжірибесі және біліктілігі бойынша нақты талаптар қойылады, деп хабарлайды Tengri Health тілшісі.
Кәсіби стандарт 2026 жылғы 2 шілдеде Қазақстанда алғаш рет "Психологиялық қызмет туралы" жеке заң қабылданғаннан кейін әзірленді.
Мұндай көмекке мыналар кіреді:
Біліктілігін растауы тиіс мамандар тізіміне мыналар кірді:
Стандартта бейінді маманның сипаттамасы егжей-тегжейлі баяндалған. Құжатта мыналар қатаң белгіленген:
Құжатта кәсіби стандарт психологтардың кәсіби даярлығының мазмұны мен деңгейіне, олардың біліктілігіне, құзыреттілігіне қойылатын бірыңғай талаптарды анықтау үшін қолданылатыны айтылған. Сондай-ақ оның негізінде білім беру бағдарламалары әзірленіп, психологтарды оқыту мен супервизиядан өткізу талаптары қалыптастырылады.
Бұйрық 2026 жылғы 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін психологтар туралы жаңа заң не үшін қабылданғанын және мамандар бұл туралы не ойлайтынын егжей-тегжейлі талдаған болатынбыз.