ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда бес дәрілік заттың тіркеу куәлігі кері қайтарып алынды. Олардың қатарында диабетті, шашыранды склероз бен псориазды емдеуге арналған препараттар бар. Бұған не себеп болғанын Tengri Health тілшісі анықтап көрді.
3 қыркүйекте Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы бес бұйрыққа қол қойды.
Әңгіме келесі препараттар туралы болып отыр:
Комитеттегілер тіркеу куәліктері иелерінің немесе уәкілетті өкілдерінің ерікті өтініштері бойынша кері қайтарып алынғанын түсіндірді.
Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы шешім Қазақстан заңнамасында қарастырылған.
Бұл ретте ведомство Қазақстанға тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін әкелінген немесе өндірілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әрі қарай да қолдануға болатынын атап өтті.