ПОДЕЛИТЬСЯ
2026 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында (ӘМСҚ) медициналық көмекке 3,406 миллиард теңгеден астам қаражат қаралған. Бұл қаражат қандай қызметтерге жұмсалатынын және әкімшілік шығындарға қанша ақша кететінін Tengri Health тілшісі анықтап көрді.
Медициналық сақтандыру қорының ресми сауалымызға берген жауабына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде қаралған қаражаттың жалпы көлемі төмендегідей:
Біз жалпы көлемнен медициналық көмектің түрлі бағыттарына және әкімшілік шығындарға қанша ақша бөлінетіні туралы ақпарат беруді сұрадық.
1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек.
2026 жылы емханалардың қызметін төлеуге 589,4 миллиард теңге қаралған. Бұл қаржыландырудың жалпы көлемінің 17,3 пайызын құрайды.
2. Стационарлардағы мамандандырылған медициналық көмек.
Қордың мәліметінше, биыл бұл бағытқа 773,2 миллиард теңге бөлінген. Бұл қызметтерге жұмсалатын шығындардың үлесі ӘМСҚ жоспарлаған жалпы көлемнің 22,7 пайызын құрайды.
3. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Пациенттер тегін алатын препараттарды сатып алуға 2026 жылы 348,7 миллиард теңге қаралған, бұл - жалпы қаржыландырудың 10,2 пайызы.
4. Консультациялық-диагностикалық көмек.
Бұл - пациенттің емханаларда, диагностикалық орталықтарда, ауруханалардың амбулаториялық бөлімшелерінде ауруханаға жатпай-ақ алатын бейінді дәрігерлердің кеңестері, талдаулар мен тексерулер.
2026 жылы бұл мақсатқа 428 миллиард теңге (12,6 пайыз) бөлінді.
5. Жедел медициналық көмек және медициналық тасымалдау.
Биыл бұл қызметтер 151,7 миллиард теңгеге (жалпы көлемнің 4,5 пайызы) қаржыландырылады.
Редакция қордан әкімшілік шығындар мен қызметкерлердің еңбекақысы туралы ақпаратты бөлек сұратты. Бізге 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қордың шығындары 8,9 миллиард теңгені құрағанын айтты. Бұл соманың ішінде:
2025 жылы жалпы шығындар 17,6 миллиард теңгені құрады:
2024 жылы қордың шығындары 15,7 миллиард теңгені құрадыжұмыс істеді. Оның ішінде:
Қордағылар сөз болып отырған әкімшілік шығындар тек Астанада орналасқан орталық филиалға ғана қатысты емес екенін нақтылады.
"Оларға қордың 20 өңірлік аппаратының әкімшілік шығындары кіреді", - деп толықтырды жауапта.
Жалақыдан бөлек, бұл санатқа мыналар кіреді:
Бұған дейін біз қорға пациенттердің қанша ақша аударатынын және олардың өздеріне көрсетілген қызметтердің құнын біле алатынын-білмейтінін талдаған болатынбыз. Бұл туралы толығырақ осы сілтеме арқылы оқи аласыздар.