Ресейде бес пациенттен маймыл шешегі расталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маймыл шешегіне зертханалық зерттеу Фото:depositphotos.com

Санкт-Петербургте маймыл шешегіне күдікпен ауруханаға жатқызылған бес адамнан инфекция анықталды, деп хабарлайды Tengri Health РИА Новостиге сілтеме жасап.


Науқастардың жағдайы қандай?

Басылымның мәліметінше, қазір науқастардың жағдайы тұрақты, олар қалалық ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр. Инфекция жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде өтіп жатыр.

"Роспотребнадзор жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және инфекцияның ықтимал жағдайларын анықтау үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатқанын мәлімдеді. Мекеме Ресейде маймыл шешегін, оның ішінде жаңа нұсқаларын анықтауға арналған тест-жүйелері жеткілікті мөлшерде бар екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

Байланыста болған адамдар қай өңірлерде тексеріліп жатыр?

Санкт-Петербургте маймыл шешегіне күдікті бес адамның ауруханаға жатқызылғаны туралы 17 қазанда белгілі болды. Мамандар эпидемиологиялық зерттеуді бастап, науқастардың кімдермен байланыста болғанын анықтап жатыр.

15 қазанда Мәскеу облысында маймыл шешегін жұқтыруы мүмкін науқаспен байланыста болған бес адамның алдын алу мақсатында ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын. Өңірлік Денсаулық сақтау министрлігінің түсіндіруінше, оларда ауру белгілері байқалмаған, жағдайлары қанағаттанарлық деп бағаланды. Барлығынан сараптама алынып, медициналық бақылау орнатылды.

Ресейден келген хабарлар аясында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның елге келу мүмкіндігін жоққа шығармайды, бірақ оның халық арасында жаппай таралу ықтималдығы төмен екенін мәлімдеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу