Медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі: үстемақы мөлшері неге байланысты болмақ?

Фото © Tengrinews.kz

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап емханалардағы учаскелік қызметтің 77 мыңнан аса қызметкерінің жалақысын арттыру жоспарланып отыр. Үкіметте өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова толығырақ айтып берді, деп хабарлайды TengriHealth.

Мәселе алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандары - учаскелік дәрігерлер мен медбикелер туралы болып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің есебі бойынша, бұл төлемге жыл сайын шамамен 137 миллиард теңге қажет болады.

"Қосымша төлем мөлшері үздіксіз еңбек өтіліне және психоэмоционалдық жүктемеге байланысты болады", - деді Әлназарова.

Жарнама
Жарнама

Министр учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін өсуі мүмкін екенін айтты.

Медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру

Бұған дейін қосымша төлем енгізілгеннен кейін қала мен ауылдық жерлердегі учаскелік дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы қалай өзгеруі мүмкін екенін талдаған едік.

Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша, үлкен еңбек өтілі бар жалпы практика дәрігерінің жалақысы ауылдық жерлерде 760 мың теңгеге, ал қалада 607 мың теңгеге жетуі мүмкін.

Сондай-ақ отбасылық дәрігерлер жүктеме туралы айтты: емханаларда бір күнде учаскелік дәрігер 40–50 адамға дейін қабылдауы мүмкін, ал бір маманның айтуынша, базалық жалақы көбіне жетпей жатады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу