Қазақстанда 80-ге жуық клиника тексерістен кейін лицензиясынан айырылды

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

2026 жылғы тоғыз айда Қазақстанда 78 медициналық ұйым медициналық қызмет көрсету лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Tengri Health Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Клиникалар не үшін лицензиясынан айырылды?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті 2026 жылғы тоғыз айдағы тексерістер қорытындысын шығарды.

Жарнама
Жарнама

Ведомство мәліметінше, тексерістен кейін комитеттің аумақтық департаменттері заңнама талаптарын бұзған медициналық мекемелерді лицензиясынан айыру туралы талаппен сотқа жүгінген.

Нәтижесінде 78 ұйым, соның ішінде стоматологиялық клиникалар медициналық қызмет көрсету құқығынан айырылды.

"Бұл жұмыс пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, лицензиялық талаптардың сақталуын бақылауға және медициналық қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.

Ақпаратта клиникалар нақты қандай талаптарды бұзғаны айтылмаған.

Бұған дейін Алматыдағы стоматологиялық клиникаларда тексеріс жүргізілген болатын. Мекемелердің жартысынан көбіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, кейбірінің лицензиясы кері қайтарылды немесе қолданылуы тоқтатылды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тексерулерден кейін жүздеген жеке емшара кабинеттері жабылды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу