Ер адамдар мен әйелдер денсаулыққа әртүрлі қарайды деген пікір бар. Қазақстанда емханаға кімдер жиі баратынын және кімдерге ота көп жасалатынын Tengri Health тілшісі анықтап көрді.
Медициналық көмекке кім жиі жүгінеді?
Статистика қалыптасқан пікірді растап отыр: әйелдер шынымен дәрігерге жиі барады.
Денсаулық сақтау министрлігінің біздің сауалға берген ресми статистикасына сәйкес, 2026 жылғы сегіз айда алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) ұйымдарына, яғни емханаларға 14,4 миллионнан аса адам жүгінген.
Оның ішінде:
- 8 миллионы - әйел,
- 6,5 миллионы - ер адам.
Тәулік бойғы стационар пациенттері арасында да айырмашылық байқалады.
Осы кезеңде ауруханаларда 1,74 миллион адам ем алды:
- миллионнан астам әйел,
- 735 мыңға жуық ер адам.
575,4 мың пациентке ота жасалды:
- 336,2 мың әйел,
- 239,2 мың ер адам.
2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша емханаларда 3,46 миллионға жуық адам динамикалық бақылауда болды, оның ішінде 2,1 миллионы - әйел және 1,36 миллионы - ер адам.
Жақында Tengri Health биологиялық жыныс диагностика мен емдеуге қалай әсер ететіні туралы ауқымды талдау дайындады. Тарихи тұрғыдан медицина негізінен ер адамдар организміне бағдарланған, ал әйелдер клиникалық зерттеулерге сирек тартылған. Бұл дәрілік заттардың әсерін зерделеуге, жанама әсерлерді бағалауға және диагностикалық критерийлерді әзірлеуге ықпал етті.
Тағы оқыңыз: Инфаркт, инсульт және қатерлі ісік: қазақстандықтарға қандай аурулар басты қауіп төндіреді?
Қазақстандықтардың денсаулығы күрт нашарлап, ағза “кешіруді“ тоқтататын екі кезең