ПОДЕЛИТЬСЯ
eGov.kz электрондық үкімет порталында үш жаңа медициналық қызмет пайда болды, алайда оларды әзірге пайдалану мүмкін емес. Олардың қатарында жедел жәрдем шақыру, қателесіп төленген МӘМС жарналарын қайтару және шетелде емделуге құжат рәсімдеу бар. Tengri Health тілшісі неге бұл қызметтер әзірге қолжетімсіз екенін анықтап көрді.
eGov.kz порталының "Денсаулық сақтау. Медициналық көмек" бөлімінде үш жаңа қызмет түрі пайда болды:
Бұл ретте әрбір қызметтің паспортында оның әзірге автоматтандырылмағаны көрсетілген. Бұл қызметтерді қазіргі уақытта портал арқылы алу мүмкін емес дегенді білдіреді.
Біз пікір алу үшін жүгінген "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) баспасөз қызметі қызметтің eGov.kz-те пайда болуы оның пайдаланушыларға қолжетімді екенін білдірмейтінін растады.
Олардың мәліметінше, аталған қызметтер қазір компания әзірлемесінде жоқ.
"Электрондық мемлекеттік қызметтерді әзірлеу және іске қосу уәкілетті мемлекеттік орган бастамасымен және дайындығымен жүзеге асырылады", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ олар автоматтандыру аяқталғанға дейін мерзімдер туралы айта алмайтындарын және бұл қызметтер іске қосылғаннан кейін қалай жұмыс істейтініне қатысты пікір бере алмайтындарын атап өтті.
Сонымен қатар бұған дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) аталған қызметтер бірін цифрландыру жоспары туралы хабарлаған болатын. Мәселе "МӘМС-ке аударымдарды, жарналарды және (немесе) өсімпұлдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін артық (қате) аударылған сомаларды қайтару" туралы болып отыр.
Сондай-ақ қор пайдаланушылар келесі ақпараттарды көре алуы үшін eGov Mobile-дағы жеке кабинет мүмкіндіктерін кеңейтуді көздеп отыр:
"Сол жерде медициналық көмек сапасын бағалау және өтінішті тікелей қорға жіберу мүмкіндігін беру жоспарланып отыр", - деді ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Ерденова.
Сондай-ақ жоспарда электрондық денсаулық паспорты мен қаржылық паспортты, пациенттің алған медициналық көмегі, оның нәтижелері, ТМККК және МӘМС шеңберіңде көрсетілген қызметтер құны мен оларды қаржыландыру көздері туралы мәліметтерді, сондай-ақ басқа да цифрлық қызметтерді енгізу көзделген.
Қазіргі уақытта қосымшада тек МӘМС жүйесіне қатысу, сақтандырылу мәртебесі, сондай-ақ аударымдар мен жарналар туралы ақпарат қолжетімді.
Бұған дейін Қазақстанда жаңа тегін скрининг пайда болатыны хабарланған.
Тағы оқыңыз: МӘМС-тегі жаңа қызметтер: 1 шілдеден бастап не өзгереді?
Денсаумин 1 шілдеден бастап кейбір емдеу түрлеріне ақы төлеу ережелерін өзгертеді
Қазақстандықтарға МӘМС-тегі мәртебесін тексеру жеңілдейді: ДСМ нені өзгертеді?