ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін үкімет отырысында "СҚ-Фармация" басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбеков елді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету барысын баяндады. Осыдан кейін премьер-министр Олжас Бектенов оны қаражатты адал жұмсауға және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырды, деп хабарлайды Tengri Health.
"Бірінші кезекте адал жұмыс істеу керек. Қандай да бір қаражатты жұмсау кезінде жемқорлыққа жол беруге болмайды. Егер адал жұмыс істесек, нәтиже де болады", – деді Бектенов.
Үкімет отырысының күн тәртібіндегі мәселелердің бірі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге арналды.
Бұл Бектеновтің Асылбековті адал жұмыс істеуге шақырған алғашқы жария үндеуі емес. 2025 жылдың қарашасында премьер-министр "СҚ-Фармация" басшысына: "Адал жұмыс істесеңіздер, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе аласыздар", - деген болатын.
2025 жылы Жоғары аудиторлық палата дәрі-дәрмек сатып алу жүйесіндегі кемшіліктерді анықтады. Сол кезде Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек 35,8 миллиард теңге көлеміндегі болжамды шығын туралы хабарлап, Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеуді тіркегенін мәлімдеген. Кейіннен Қаржылық мониторинг агенттігі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс туралы хабарлады, бірақ тергеу мәліметтерін жарияламады.
2026 жылы Жоғары аудиторлық палата 2024–2025 жылдардағы екі аудиттің қорытындысы бойынша 741 миллион теңгенің қаржылық заң бұзушылықтарын анықтағанын хабарлады. "СҚ-Фармация" бұл деректерді растаған жоқ.
Қыркүйек айында кәсіпкерлердің шағымдары мен өндірушілердің тендерлерге қолжетімділік шарттарына қатысты сұрақтарынан кейін депутаттар компанияның сатып алуларын қайта тексеруді талап етті. "СҚ-Фармация" өкілдері 741 миллион теңгелік заң бұзушылықтар туралы мәлімдемеге қатысты жауап берді.