ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық блогер Дана Есеева әлеуметтік желіде қайын енесіне екі күн қатарынан емханадан хабарласқандай болып, күдікті қоңыраулар түскенін айтты. Алдымен "медбике", кейін "дәрігер" хабарласып, биометриядан өтуді сұраған. Мұндай жағдайда өзіңізді қалай ұстау керектігін Tengri Health материалынан оқыңыз.
Дана Есеева айтқан бұл жағдай өте жиі кездеседі.
Күйеуінің анасына бірінші күні бір әйел хабарласып, өзін ол тіркелген емхананың медбикесімін деп таныстырған және оны тексерілуге жазатынын айтқан. Бірақ ол үшін видеоқоңырау арқылы биометриядан өту қажеттігін ескерткен.
Әйел тұтқаны қоя салған.
Келесі күні оған емхананың "дәрігері" қайта хабарласып, тағы да тексеру туралы айтып, биометриядан өту туралы өтінішін қайталаған. Блогер анасының алаяқтармен сөйлескен сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.
"Мұны ата-аналарыңызға көрсетіңіздер", - деп жазды ол.
Соңғы оқиғалар алаяқтар өздерін емхана қызметкері - дәрігер немесе медбике ретінде таныстырып хабарласатынын көрсетті.
Әдетте олар қабылдауға жазылу, талдама тапсыру, тексеруден немесе скринингтен өту керек екенін айтады - нұсқалар әртүрлі болуы мүмкін.
Содан кейін:
Мұның ешқайсысын істеуге болмайды.
Біз осыған қатысты ақпарат алу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жүгіндік.
Ондағылар қаскөйлердің өздерін медицина қызметкері, емхана немесе өзге де ұйымдардың өкілі ретінде таныстырып, түрлі сылтаумен SMS-кодтарды, дербес деректерді немесе азаматтардың банктік сервистеріне қолжетімділік алуға тырысатынын растады.
"Медициналық ұйымдардың қызметкерлері пациенттерден телефон арқылы SMS-кодтарды сұрамайды. Растау кодтары цифрлық сервистерде авторизациялану және әрекеттерді растау үшін қолданылады және үшінші тұлғаларға берілмеуі тиіс", - деп атап өтті ведомство.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі бейнебайланыс арқылы "биометриядан өту" туралы ұсыныспен түсетін қоңыраулар туралы ескертті.
Егер сізге белгісіз біреулер хабарласып, өзін емхана қызметкерімін деп таныстырса және жеке басыңызды растау үшін камераны қосуды ұсынса, сөйлесуді бірден тоқтатыңыз.
"Камера алдында олардың нұсқауларын орындауға, құжаттарды немесе телефон экранын көрсетуге, жіберілген сілтемелерге өтуге немесе олардың өтініші бойынша банктік қосымшаларды ашуға болмайды. Мұндай әрекеттер дербес деректерді заңсыз алу және пайдалану үшін қолданылуы мүмкін", - деп ескертті Денсаулық сақтау министрлігі.
Қажетті процедуралар туралы ақпаратты тікелей өзіңіз тіркелген медициналық ұйымның ресми телефон нөмірі арқылы нақтылау қажет.
Туындайтын маңызды сұрақтардың бірі - алаяқтар адамның қай емханаға тіркелгені туралы ақпаратты қайдан алады?
"Хабарласушының пациенттің атын, емхана атауын немесе басқа да мәліметтерді білуі оның медицина қызметкері екенін дәлелдемейді. Мұндай бір ғана қоңырау фактісі бойынша ақпараттың қайдан алынғанын нақты анықтау мүмкін емес. Әрбір жағдай жеке зерттеуді талап етеді", - деп түсіндірді министрлік.
Ведомство өкілдері дербес деректердің таралып кетуі мүмкін екендігі туралы азаматтардан ресми өтініш түскен жағдайда тиісті тексерулер жүргізілетінін айтты.
Тексеру үшін телефон нөмірін, қоңырау шалынған күні мен уақытын, хаттарды және басқа да қолда бар материалдарды сақтап қою ұсынылады.
Бұл ережелердің бәрін қарт туыстарға түсіндіру өте маңызды, себебі алаяқтар көбіне сенім факторын және психологиялық қысымды пайдаланады.
Бұған дейін біз қазақстандықтарға дәрігердің қабылдауынан шыққан бойда күдікті қоңыраулар түсе бастағаны туралы айтқан болатынбыз. Мұндай жағдайда не істеу керек екенін материалдан оқыңыз.